14
наурыз
2021
"Қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек" атты шығарма байқауы
Адал ұрпақ тәрбиелеу - қай уақытта болса да, өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Болашақ ұрпаққа тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс-әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында N110 мектеп-гимназияның "Адал ұрпақ" клубының жоспарына сәйкес, 6,7-сынып оқушылары арасында "Қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек" атты шығарма байқауы өтті. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмадина Борашова.