19
сәуір
2021
*Мамыр айының басына дейін Алматыдағы 240 балабақша, мектептер, колледждер мен интернаттар «бұлтты бухгалтерияға» көшеді*

Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «бұлтты бухгалтерия» жобасы туралы еске салды. Оған 2021 жылдың 1 қыркүйегінде толығымен көшу күтілуде. Алматыда жаңа жүйеге көшу 1 сәуірде басталды. Мегаполисте 451 мемлекеттік білім беру ұйымында қаржы-шаруашылық қызметін жаңа форматта жүргізу жоспарлануда.
Айдын Сайлаубайдың пікірінше, бухгалтерияның автоматтандырылуы мектептерде бюджеттік қаржының ашық жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жекелей алғанда, жүйенің автоматтандырылуы сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады, әрбір білім беру мекемесінде қаржыландырудың толық көлемі ашық болады, шығынның қандай мақсатта жұмсалатыны белгілі болады. Сонымен бірге, мектептер мен балабақша басшылығынан шаруашылық тұрғыда артылған жүктемені ішінара азайтуға мүмкіндік береді.
Мысалы, бүгінгі таңда мектеп директорлары балаларға білім беруден бөлек, қаржылық менеджментпен айналысады.
«Бухгалтерияның орталықтандырылған бұлтты шешімге ауыстырылуы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы бұйрығымен анықталған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Білім басқармасы 451 білім беру ұйымында қаржы-шаруашылық қызметін ашық жүргізу үшін бұлтты бухгалтерияны енгізуді жоспарлап отыр», - дейді ведомство өкілі.
Оның ішінде 189 балабақша, 207 мектеп, 14 интернат, 22 колледж, 17 мектептен тыс ұйым және басқа да мекемелер бар.
Онлайн-брифингке қатысқан Айдынжан Сайлаубай «бұлтты бухгалтерия» бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Бұлтты бухгалтерия – бұл қашықтағы серверде орналасқан және Интернет желісі арқылы жұмыс істеуге арналған бухгалтерлік бағдарламалар жиынтығы. Деректер бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын бұлт деп аталатын жерде сақталады және өңделеді. Бұлтты бухгалтерия қызметкерлер үшін автоматтандырылған жұмыс орны болып табылатындықтан, пайдаланушыға толыққанды жұмыс істеу үшін тек компьютер және Интернет желісіне тұрақты қолжетімділік қажет», - деп хабарлады спикер.
1 ч.
Фото профиля edu.almaty
edu.almaty
Алматы