29
сәуір
2021
"Ескендір" поэмасын мәнерлеп оқып, аудио кітап жасады
"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани мәдени шарасы бойынша "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Жетісу ауданы N110 мекеп-гимназияның 9"Б" сынып оқушысы Қожахмет Аяулым мектеп кітапханашысымен бірге Абай Құнанбаевтың "Ескендір поэмасын мәнерлеп оқып, аудио кітап жасады. Мақсаты: Хакім Абайдың шығармашылығымен жетік танысып, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту, кітап оқуға бейімдеу. Кітапты сүюге, құрметтеуге баулу.