09
тамыз
2021
Қол өнер
Қазақ халқының қол өнері қандай бай, ғажап зор десеңізші. Оның тұңғұйық түпсіз тереңіне сүңгу, өлшеусіз кеңдігі мен ерен байлылығын, сан қырлы даму заңдылықтарын терең зерттей отырып, оны келешек ұрпаққа қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуі бойынша №110 мектеп-гимназияның оқушылары арасында «Ғажайып әлем» атты қолөнер көрмесі өтті.