Спорт үйірмелері » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №110»
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 252-50-17
Бухгалтерия:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
11
қазан
2021

Спорт үйірмелері

Мектеп оқушылары арасында спортты жаппай дамыту – оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудың ең маңызды жағдайларының бірі. Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері оқушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс дамуына әсер ету, өмірде қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларына үйретіп, дене, жігер және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу болып табылады. Мектепте спорт үйірмелері өздері қалаған спорт түрлерімен айналысатын оқушылар үшін құралады. Сонымен, мектептегі спорт дене тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады да, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады. Алматы қаласы Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияда мектепішілік бекітілген жоспар бойынша футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, қол күресі спорт үйірмелері өтуде.
Бұл - оқушылардың спортқа не басқа да үйірмелерге қатысу арқылы өздерінің денсаулықтары мен рухани дамуына бірден-бір септігін тигізеді.
Спорт үйірмелері












Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: