Ашық сабақ
№110 мектеп-гимназияның Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Қазақстанның таңғажайып жерлеріне саяхат» атты онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Садикова Гульнар Нуртазаевна 2021 жылдың 19 сәуірі күні, 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен "Сын есім" тақырыбында онлайн-форматта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту. Сөйлем ішінен сын есімді табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.