27
сәуір
2018
Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына енген Санжар Мырзағалым
Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназиясында ҚР Президентінің "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Кибернетика және біз" атты кездесу өтті. Кездесудің басты қонағы "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына енген, Елбасымызбен кездесуде болған, N110 мектеп-гимназияның түлегі Санжар Мырзағалым өзінің жетістіктерімен бөлісе отырып, оқушыларды болашақта ғылым жолында аянбай еңбек етуге, заманның талабына сай жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа шақырды. Білім алған АЛТЫН ҰЯ мектебіне және ұстаздарына алғысын білдірді.