27
сәуір
2018
"Тазалық - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияда Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес, мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейту мақсатында, жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ананың рөлі зор екенін ескере отырып, 4"В" сынып оқушысы Жанұзақ Ақбілектің анасы Жадыра Исмагулова "Тазалық - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды жеке бас гигиенасымен таныстыру. Үйде, мектепте тазалықты қалай сақтау керектігін түсіндіру. Ұйымдастырушы 4"В" сынып жетекшісі Зарипова Назира Кабдулгалымовна.