ҰШҚЫР ОЙЛЫ ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №110»
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 252-50-17
Бухгалтерия:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
30
шілде
2022

ҰШҚЫР ОЙЛЫ ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

💢ҰШҚЫР ОЙЛЫ ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

🔰Бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы – қазіргі Қазақстан қоғамына қажетті және ел болашағының басты құндалықтары болып табылады. Мемлекет әрқашан өскелең ұрпақтың дамуына барлық жағдайды жасап, ұшқыр ойлы, дарынды жастардың тұлға болып қалыптасуына өз септігін тигізіп келеді.

🔹Осы бағыттағы нәтижелі шаралардың бірі - "Ұшқыр ой алаңы" оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы болып табылады. Жобаның ауқымы республика бойынша жыл санап кеңейіп, әрбір дебат клубының қатысушысы үшін психологиялық, эмоционалдық қолайлы орта мен ақыл-ойын дамытуға барлық жағдайлар жасалған.

🔆Жаз мезгілі балалардың оқу үдерісінен босап, өз уақыттарын өздері басқаратын кезең екені белгілі. Бұл уақытты тиімді пайдаланудың маңызы өте зор. Әсіресе осы кезеңде балалардың шығармашылыққа деген қызығушылықтары оянып, белгілі бір бағытқа икемі танылады. Ал дебат ойындары жастар арасында трендке айналып, олардың сыни ойлауы мен қоғамда өзіндік қалыптасуына септігін тигізетін тиімді тәсіл.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: